Қарақабақ қонысы — Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында, Каспий теңізінің жағалауындағы 150 метр биіктікте орналасқан ежелгі қала орны
Қарақабақ қонысы — Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында, Каспий теңізінің жағалауындағы 150 метр биіктікте орналасқан ежелгі қала орны. Қалашық аумағы 3 гектардан асады және айналасы қорған қабырғаларымен қоршалған. Бұл қоныс б.з. III–V ғасырларына тән және Арал–Каспий өңірінде өмір сүрген қала типтес елді мекендердің бірі болып саналады. Ол сауда мен қолөнердің маңызды орталығы болған.
Қарақабақ – тек қазақстандық ғана емес, әлемдік деңгейдегі археологиялық ескерткіш. Зерттеулер қалашықтың:
- Хорезмдік мәдениеттен бастау алып, ғұн дәуірінде өркендегенін,
- 100 мыңға дейін халқы болған ірі орталық болғанын,
- Ұлы Жібек жолының бір тармағы арқылы халықаралық сауда қатынастарына қатысқанын,
- Жергілікті және сырттан әкелінген монеталар, керамика, зергерлік бұйымдар табылғанын айғақтайды.
Қалашық аумағынан табылған жүздеген монеталар мен бұйымдар Қарақабақтың Қытай, Соғды, Бұхара, Хорезм, Парфия, Сасандық Иранмен тығыз байланыста болғанын көрсетеді.
Византиялық тиындардың табылуы Каспий–Қара теңіз бағытымен Еділ–Жайық су жолдары арқылы жалғасқан халықаралық теңіз саудасы болғанын дәлелдейді. Бұл Қарақабақтың Ұлы Жібек жолының солтүстік-теңіз бағытындағы ірі нүкте болғанының бірден-бір айғағы.
Археологиялық қазба жұмыстары барысында Қарақабақтан бастың әдейі деформацияланған сүйектері де табылған. Бұл дәстүр — адамның бас сүйегінің пішінін саналы түрде өзгерту тәжірибесі, ежелгі кезеңдерде түркі, африкалық және үнді тайпаларында кездескен.
Қарақабақтағы мұндай антропологиялық деректер сол замандағы тұрғындар арасында әлеуметтік мәртебе, рулық немесе тайпалық бірегейлікті білдіру мақсатында жасалғанын көрсетеді. Бұл рәсім сол дәуірдегі мәдени және идеологиялық көзқарастың көрінісі болып табылады.
Фотосуреттегі жапсырмалар:
- Маңдай-шүйде жағынан деформацияланған бас сүйек
Алтынқазған — б.з. III–VI ғасырларға жататын діни-ғұрыптық және жерлеу кешені
Алтынқазған — б.з. III–VI ғасырларға жататын діни-ғұрыптық және жерлеу кешені. Ол Солтүстік Ақтаудың (Ақмая) борлы кемері мен Батыс Қаратау жоталары аралығындағы алқапта орналасқан. Алтынқазған кешені Халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуірінің мәдени мұрасына жатады. Оның қалыптасуы ата-бабалар рухына тағзым ету, сый-таралғы атау мен құрбандық шалу дәстүрлеріне негізделген.
Кешеннің басты нысандары — құрбандық шалу рәсімдері өтетін культтік қоршаулар мен алтарлық құрылымдар. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде кешен ғұн дәуіріндегі көшпелі тайпаларға тиесілі деген ғылыми болжам жасалды.
Алтынқазғаннан табылған жәдігерлердің қатарында адам беті бейнеленген бастырма, жүгеннің сәндік элементтері, айылбастар, күміс шығыршықты темір ауыздық, жыртқыш аңдар, киік, құс, қабан бейнелері бар ердің күміс қаптамасы, мыс қоңыраулар және басқа да культтік бұйымдар бар.
Жылқы әбзелдерінің үлгілері мен сәндік элементтерінің ешбір аналогы жоқ және олар Маңғыстау өңірін мекендеген ғұн тайпаларына тән айрықша стильді көрсетеді. Соңғы зерттеулер барысында табылған күміспен күптеліп, алтынмен жалатылған жылқы әбзелдері мен жүгендер полихромды ғұндардың сәндік стилінің айқын үлгісі болып табылады және көшпелі қоғамның әлеуметтік ауқатын айғақтайды.
Сонымен қатар үзеңгілер, белдік тоғалары, жебе ұштары, пышақтар, шыны моншақтар мен тұрмыстық бұйымдар да анықталған. Қазіргі таңда Алтынқазған кешеніне әлемдік деңгейде ғылыми қызығушылық артып келеді.
Фотосуреттегі жапсырмалар:
- Ердің алдыңғы қас бөлігінің мыс жиекті күміс қаптамасы
- Ердің алдыңғы қасының мыс жиекті күміс қаптамасы
- Ердің артқы қас бөлігінің күміс қаптамасының зооморфтық өрнегі
- Жүгеннің жапырақ пішінді айылбасы
- Полихромдық стильдегі әшекей
- Геральдикалық белдік айылбасы
- Белдікке арналған сәндік жапсырмалар
«Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау обыстық тарихи-өлкетану музейінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау басталғандығын хабарлаймыз»
Ә. Кекілбайұлы атындағы Мағэңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2025 жылдың шілде айының 24 бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу басталғандығын хабарлаймыз!
2025 жылғы 24 маусымнан бастап Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу басталғандығын хабарлаймыз!
2025 жылғы 24 маусымнан бастап Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу басталғандығын хабарлаймыз!



















