«Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Маңғыстау аудандық филиалы»
Музей негізі 1985 жылы Ескі Шетпе селосындағы қазіргі Маңғыстау техникалық колледжінің жатақханасында «Еңбек даңқы» атты қоғамдық музей негізінде ашылған болатын. 1998 жылы ауданның белсенді азаматтарының бастауымен ауданның 70 жылдық мерекесіне орай ауданның орталық алаңынан музей залдары кеңейтіліп, қайта жасақталып ашылды.
2005 жылдан бастап Маңғыстау аудандық музейі Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып құрылды. Музейдің жалпы ауданы 257,3 шаршы метр, экспозиция ауданы – 152 м2. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы негізінде музейге күрделі жөндеу және безендіру жұмыстары жүргізілді. Музей 2011 жылдың 23 ақпанында толық пайдалануға берілді.
Музей экспозициясы Маңғыстау ауданының кешегісі мен бүгінгісін қамтитын тарихи-шежіресі, ауданның негізгі экономикасы — мал шаруашылығы, өмірінің саналы ғұмырын түрлі салада адал қызмет жасауға сарп еткен белгілі тұлғалар, өнердің танымал өкілдері туралы мағлұматтар береді.
Музейдін бірінші залы қазба жұмысы кезінде табылған артефактілер, «Маңғыстауға Адай тайпаларының орналасуы, тұрмыс тіршілігі», «Маңғыстаудың батырлары», «Сәулет өнері және жер асты мешіттері» туралы мәліметтер көрсетілген. Екінші залда «Маңғыстауда Кеңес өкіметінің орнауы», «Ауданның басшылары», «1932 жылдардағы Адайлар көтерілісі», «Маңғыстаудағы ұжымдастыру саясаты» тақырыбындағы материалдар көрмеленген. Үшінші зал «Маңғыстау Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбына арналады. Музейдің төртінші залы «Маңғыстауда ауыл шаруашылығының дамуы» тақырыбын қамтиды. Бесінші зал «Маңғыстаудың қолданбалы қолөнері» тақырыбындағы материалдарды қамтиды. Залда өлкемізге белгілі қолөнер шеберлерінің өмір жолдары, Маңғыстау қолөнер шеберлерінің қолөнер туындылары, тұрмыстық заттар қойылған. «Маңғыстаудың жануарлары және құстар әлемі» тақырыбындағы тұрақты көрмелерді келушілер назарына ұсынамыз.
Маңғыстау аудандық филиалының қорында барлығы 1373 жәдігер сақталған.
Филиал менгерушісі: Жүнбасова Күлзиба Кендебайқызы.
Филиалдың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130400, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылдық округі, Шетпе ауылы, Орталық шағын ауданы, Арон Өтеуов көшесі, 28 ғимарат.
Байланыс телефоны: 8 (72931) 22152.
Электронды пошта: muzei_shetpe@mail.ru
Инстаграм: @shetpe_museum
Фейсбук: Маңғыстау аудандық музейі
Филиал жұмыс кестесі: Дс-Жм күндері 9:00-18:30, үзіліс 12:30-14:00.
Демалыс күндері: Сн-Жк.








