Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
«Жаңаөзен қалалық филиалы»

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану музейі Жаңаөзен қалалық филиалы 1993 жылы 26 мамыр күні облыс әкімінің №502 қаулысы бойынша Жаңаөзен қаласында облыстық музей филиалы болып қызметін бастады. 1995 жылы 9 мамыр күні музей толықтай жаңартылып, Жаңаөзен қала әкімі Машани Әбілханов пен музей меңгерушісі Әмірстан Байтуровтың ықпалымен ескі кітапхана ғимаратында музей үйі болып қайта ашылды.

2003 — 2010 жыл аралығында Қуандық Бекмағамбетов музей меңгерушісі болды.

Музейдің жалпы ауданы – 255,8 м2, экспозиция ауданы – 180 м2.

2010 жылы музейге «Жол картасы» бағдарламасы бойынша заман талабына сай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Музей бір қабатты ғимарат, үш залдан тұрады: мұнайшылар және этнография залы. Мұнайшылар экспозициялық залында жер астындағы қара алтын мен көгілдір отынды игерген алғашқы мұнай – газ барлаушылардың, геологтардың ерен еңбектерімен алғашқы мұнай кен орындарының ашылу тарихы туралы мағлұматтарды және Жаңаөзен қаласының құрылу тарихымен таныса аласыз. Этнография залында киіз үйдің жасау – жабдықтары, ұлттық қолөнер, зергерлік, тұрмыстық бұйымдар қойылған, сонымен бірге Ұлы Отан, Ауған соғысының ардагерлері, Жаңаөзен қаласының инфрақұрылымдық дамуы, өнері мен мәдениеті туралы да бұрыштар жасақталған.

Қазіргі таңда музейда 1135 жәдігер тіркелген.

Жаңаөзен қалалық филиалда 9 адам жұмыс атқарады.

Филиал меңгерушісі: Мұхашева Алмагүл Эсенқызы.

Филиалдың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200, Жаңаөзен облыстық маңызы бар қаласы, Шаңырақ шағынауданы, 24А ғимарат.

Электронды поштасы: murazhai_ozen@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 (72934) 30 414

Instagram: zhanaozen_muzei

Facebook: Жаңаөзен қалалық тарихи-өлкетану музейі

Филиал жұмыс кестесі: Дс-Жм күндері 9:00-18:30, үзіліс 12:30-14:00.

Демалыс күндері: Сн-Жк.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіМаңғыстау облысының әкімдігі ресми сайтыМанғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыМемлекеттік органдарға өтініш беру