Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ.

Бұл бөлім музей ішіндегі ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырумен, музейлік қызметтің барлық түрлері бойынша әдістемелік құралдар әзірлеумен, музей қызметінің барлық түрлері бойынша қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетумен, музейдегі білім беру-ағарту жұмысының сапасын бақылаумен, жоспарға сай музей жас мамандарын және тәжірибеден өтушілерді тағылымдамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастырумен, музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар ұйымдастырады және әдістемелік негізде дөңгелек үстелдер өткізумен, музей қабырғасынан шығатын әр басылым мәтінінің сауатты, дұрыс жазылуын қадағалап, тексеріп көрсетілген мерзімде басылымға жіберіліп отырылуын қамтамасыз етумен айналысады.

ҚОР БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ:

  • Музейлік маңызы бар заттарды анықтау-жинақтау, оларға ғылыми сараптама жүргізу және іріктеу.
  • Музей заттарын атрибуциялау және зерттеу, сипаттау.
  • Музей заттарын есепке алуды жүргізу, актілеу, жаңа түсімдерді тіркеу.
  • Қорлар мен коллекциялар бойынша жіктеу және жүйелеу.
  • Ғылыми түгендеу және каталогтау.
  • Музей заттарының сақталу жағдайын бақылау және қадағалау.
  • Музей заттарын қалпына келтіру.
  • Музей қорындағы жәдігерлерді цифрландыру.

ЖАЛПЫ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ:

  • Ғылыми-анықтамалық мағлұматтар, жолсілтемелер, баспасөз баяндамаларын, буклеттерге арналған мәліметтер дайындау, ғылыми экспозициялар, көрмелер жасақтау, экскурсиялар, дәрістер ұйымдастыру, көмек-кеңес беру.
  • Құрылымдық-тақырыптық, тақырыптық-экспозициялық жоспарлар жасау.
  • Экспозициялық материалдарды жинақтау, көрмелерге түсіндірме жетекші және қосымша мәтіндер, жәдігерлер мен фотосуреттерге этикетаж дайындау.
  • Жинақтау жұмыстары: құжаттар мен материалдарды жинау, актілеу, меңгеру, музей жинағын қалыптастыру. Материалдар түпнұсқа жәдігерлер, құжаттар, фотоматериалдар мен бейнебаяндар және т.б. түрінде жинақталады.
  • Музейді таныту мақсатында баспасөзде жария етуге, мақалаларға, экспозиция бойынша тақырыптық экскурсия жүргізуге, көшпелі көрмелерге, қордың ашық сақтауына арнап, радио мен телекөрсетілімдерге сұхбат беруге арнап өлкенің қазіргі заман тарихы бойынша материалдар жинақтау.

ТАБИҒАТ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ:

  • Жолсілтемелер, ғылыми экспозициялар, көрмелер жасақтау, тақырыптық экскурсиялар өткізу, дәрістер ұйымдастыру, көмек-кеңес беру.
  • Музейдің тұрақты табиғат залдарының, табиғат және экология тақырыбындағы жылжымалы көрмелердің тақырыптық жоспарларын жасақтау және ол көрмелер бойынша экскурсия мәтіндерін жазу.
  • Экспозициялық материалдарды жинақтау, көрмелерге түсіндірме жетекші және қосымша мәтіндер, жәдігерлер мен фотосуреттерге этикетаж дайындау.
  • Музей қорына түскен жануарлар тұлыптарына, палеонтологиялық жәдігерлерге, гербарийлерге анықтама жасау, картотеканы жүйелеп, тізім жасау.
  • Жинақтау жұмыстары: құжаттар мен материалдарды жинау, актілеу, меңгеру, музей жинағын қалыптастыру.
  • Музейдегі табиғи материалдар жиынтығынан (палеонтологиялық, жануарлар тұлыптарынан, өсімдіктерден, т.б.) каталог, буклет шығаруға мәліметтер дайындау.
  • Музейді таныту мақсатында баспасөзде жария етуге, мақалаларға, экспозиция бойынша тақырыптық экскурсия жүргізуге, көшпелі көрмелерге, қордың ашық сақтауына арнап, радио мен телекөрсетілімдерге сұхбат беруге арнап өлкенің табиғаты бойынша материалдар жинақтау.

КӨПШІЛІК-ЭКСКУРСИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ:

  • Туған қаланың, өлкенің тарихын зерттеуге бағытталған әртүрлі экскурсиялық қызметті ұйымдастыру.
  • Білім беру-ағарту жұмыстарының барлық нысандарын ұйымдастыру және өткізу: музей сабақтары, экскурсиялар, дәрістер, мерекелік шаралар және т. б.
  • Музей келушілерінің коммуникациясына дағдылану мен экскурсия барысында жетекшілік ету.
  • Музейдің білім беру-ағарту жұмысының тәжірибесіне инновациялық технологияларды зерделеу және енгізу.
  • Қоғамның өкiлдерi мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс стратегиясын, кәсiпорынның фирмалық стилiнiң жалпы бейнесін, кәсiпорынның корпоративтік мәдениетiнiң имиджiн қалыптастыру немесе түзету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  • Кәсіпорынның қызметіне қатысты сыни ескертулерге кәсiпорынның атынан жауап беру.
  • Экскурсиялық қызметтің жаңа нысандарын, жаңа экскурсиялық бағдарламалар мен маршруттарды әзірлеу және енгізу.

ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ-КӨРМЕ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ:

  • Жолсілтемелер мен каталогтар жасау.
  • Экспозицияның сапалы жай-күйін қамтамасыз ету.
  • Көрмелерді ұйымдастыру және өткізу (тұрақты және жылжымалы).
  • Жеке келушілерге қызмет көрсету, оларға экспозицияны өз бетінше қарау, аудио гидпен экспозицияны қарау, жеке экскурсиялық қызмет көрсету мүмкіндігін беру;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіМаңғыстау облысының әкімдігі ресми сайтыМанғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыМемлекеттік органдарға өтініш беру