Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

ҚҰРМЕТТІ МУЗЕЙГЕ КЕЛУШІЛЕР!

Музей қауіпсіздік стандарты бойынша жұмыс істейді. Біз «Қазтұтынуқадағалау» талаптарына сәйкес келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне қажетті шараларын сақтаймыз.
Біз әзірлеген шаралар музей қонақтары мен қызметкерлерінің музейде өткізетін уақытын қауіпсіз және жайлы етуге мүмкіндік береді.

Төменде көрсетілген музейге кіру ережелерімен танысып, оларды сақтауды талап етеміз.
Келуші  тармақтардың кез келгенін бұзса музей өз тарапынан көрсетілетін қызметтен бас тартуға, кіру ақысын қайтармауға құқылы.

  1. Музей келушіні жұмыс уақыты кестесіне сәйкес қабылдайды. Музей сайтында билеттерді онлайн сатып алуды ұсынамыз. Сондай-ақ, билеттерді сату музей кассасында қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады. Егер сіз экскурсияға алдын ала тапсырыс берген болсаңыз, келіскен уақытқа келе алмасаңыз немесе кешіксеңіз, сізге қызмет көрсетуден бас тартуға тура келетін жағдай туындауы мүмкін. Егер сіз жарты сағаттан артық кешігіп жатсаңыз, +7 (7292) 30-28-49 нөміріне қоңырау шалыңыз.
  2. Музейдің жұмыс уақыты: сейсенбіден жұмаға дейін 09:00 — 18:30 аралығы (касса 18:00 дейін), үзіліс 12:30-14:00, сенбі-жексенбі 10.00 — 17.00 аралығы, үзіліссіз. Дүйсенбі — демалыс күні.
  3. 30×40×20 см-ден асатын рюкзактар мен сөмкелерді қоса алғанда, заттармен экспозиция залдары мен көрмеге кіруге тыйым салынады. Кішкентай рюкзактарды қолыңызда немесе алдыңызда алып жүруді сұраймыз. Музейге үлкен заттарды әкелмеуді ұсынамыз.
  4. Экспозициялар мен көрмелерде біз бір-біріне қатысты кемінде 1,5 м қашықтықты сақтауды ұсынамыз.
  5. Бағалар мен жеңілдіктермен «Билеттер» бөлімінде танысуға болады.
  6. Біз тек 20 адамға дейінгі топтарға экскурсиялар жасаймыз.
  7. Музей белгіленген күндері тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді. Сіздерден мұндай қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіМаңғыстау облысының әкімдігі ресми сайтыМанғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыМемлекеттік органдарға өтініш беру