Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Бейнеу аудандық филиалы

Бейнеу аудандық тарихи-өлкетану музейі 1991 жылы құрылып, 1993 жылы алғашқы келушілерді қабылдады. 2004 жылы жаңа ғимарат салынып қайта жасақталды.

Музей экспозициясы негізінен 5 залдан құралған: этнография залы, діни кітаптар залы, қазан көтерілісіне дейінгі, кеңестік және Тәуелсіздік кезеңдері қамтылған залдар.

Бейнеу музейіне қарасты Боранқұл, Ақжігіт, Сарға, Сыңғырлау елдімекендерінде көрме залдары бар.

Бейнеу музей қорында барлығы 4250 музей заты сақталуда, жалпы ауданы – 558,8 м2, экспозиция ауданы – 370,1 м2.

2019 жылдан музей Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып саналады.

Филиал меңгерушісі: Ғабит Алдабергенович Жұмаханов.

Филиалдың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130100, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Досан Тәжіұлы көшесі, 8А ғимарат.

Байланыс телефоны: 8 (72932) 2-15-26

Электронды пошта: muzey_beyneu@mail.ru

Инстаграм: @beineumuzei18.05.1993

Фейсбук: Бейнеу Муражай

Филиал жұмыс кестесі: Дс-Жм күндері 9:00-18:30, үзіліс 12:30-14:00.

Демалыс күндері: Сн-Жк.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіМаңғыстау облысының әкімдігі ресми сайтыМанғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыМемлекеттік органдарға өтініш беру