| Атауы | Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
| Мекенжай | ҚР, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 19а шағын ауданы, 4 ғимарат. |
| Құрылған жылы | Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі 1975 жылы мамырда Қазақ Кеӊес Социалистік Республикасыныӊ (КСР) Министрлер Кеңесінің 1975 жылғы 31 наурыздағы №193-ө өкімі бойынша Маңғышлақ облысы облыстық атқару комитетінің шешімімен құрылды. Музейдің алғашқы ғимараты Шевченко қаласы (Ақтау қаласы), 3 ықшам ауданы, 66 үйде орналасқан болатын. |
| Музей бағыты | Тарихи-өлкетану |
| Миссиясы | Музей экспозициялары арқылы Маңғыстау өлкесі мен Қазақстанның тарихына қатысты жәдігерлерін жинақтау, зерттеу және көпшілік қауымға насихаттау. |
| Музей басшылары | Семенчина Л.К. (1975- 1977 жж.) Ыдырысов Ғ.Ы. (1978-1983 жж) Нұрқабаев М.С. (1983-1990 жж) Таимова Ф.К. (1990-1995 жж) Жумалиева Т.Қ. (1995-2020 жж) Құдайберген С.Ж. (2020-2023 жж) Абланова Э.А. (2023 ж бастап) |
| Характеристика здания | Музей 2019 жылы НКОК компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде салынған 19а шағын ауданынан бой көтерген жаңа ғимаратқа көшіп, оған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай жазушының есімі берілді. |
| Көлемі | Жалпы – 8742,9 м2 Экспозициялық – 2897,8 м2 Музей қоры — 544,5 м2 |
| Музей қоры | Жалпы қордағы жәдігер саны — 51 911, оның ішінде негізгі қор – 38 865, көмекші — 18 931. |
| Музей бөлімдері мен филиалдары | Бөлімдері:
— Қор; Филиалдар: — Жаңаөзен қалалық филиалы; |
| Музей құндылықтары | Әбіш Кекілбайұлы атындағы маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясындаөлке тарихы жайлы құнды жәдігерлер көрмеленген.
Соңғы жылдары ғылыми орта үшін тың жаңалық Алтынқазған діни-ғұрыптық кещенінен табылған ғұн дәуіріне тиесілі алтынмен шайылған ат-әбзелдері болып отыр. Сонымен қатар археологиялық бірнеше кезеңдерге тиесілі Қарақабақ қалашығы, отағасырлық Қызылқала мен Кетікқаладан табылған археологиялық артефактілердіңде маңыздылығы жоғары. Маңғыстау өлкесі жеті жұрт келіп, жеті жұрт көшкен жер. Осы мекенге келіп, Адайелінің қоныстап қалу үшін күрес жүргізген Сүйінғара Үргенішбайұлының сауыты музейіміздің құнды мұрасы. XIX-XX ғғ өмір сүрген көрнекті ғалым, Алаш қайраткері Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының өзі қолданған мөрі, таспихы мен Үндістанның Бомбей (қазіргі Мумбай) қаласында оқыған шағында қолданған кітабы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған экспозициямыздың асыл жауһары. ҰОС жылдарынада майдан даласына аттанған азаматтардың қару-жарқтары, отбасына арналған хат-хабарлар, майдан даласымен тылдағы ерліктері үшін берілген медалдары да бар. |
| Музей басылымдары | Музейдің баспа басылымдары 2001 жылдан бастап «Маңғыстаудың сәндік — қолданбалы өнері», «Маңғыстау суретшілері» кітаптарын шығарды. Музей маманы, өлкетанушы-тарихшы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Отыншы Көшбайұлы музей жинақтары негізінде «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау», «Қайран менің жеңешем», «Маңғыстау ғашықтары», сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Сыбызғы сыңсып жылайды», «Атадан жеткен асыл тін», «Маңғыстаудағы аңшылық дәстүр» және т. б. кітаптары жазылды.
Мемлекеттік және аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында музей «Текеметтің түрлері», «Киіз үйдің жүннен жасалған бұйымдары» каталогтарын, сондай-ақ «Маңғыстаудың зергерлік өнері» фотоальбомын жазып шығарды. Жақын арада баспадан Қазақстанның төл теңгесінің 30 жылдығына орай Маңғыстау аумағынан табылған және осы өңірде қолданыста болған ақша үлгілері топтастырылған «Музей қорындағы ақша үлгілері» еңбегі басылып шықты. |
| Мәдени-ағартушылық жұмыстары | Экскурсия, дәрістер топтамасы, музей сағаты, кездесу, конференция, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу, жылжымалы көрмелер ұйымдастыру, БАҚ арқылы музей жәдігерлерін насихаттау. |
| Лектория | ЖББОМ, гимназия, колледж, арнайы КМ, ЖОО студенттері. |
| Музейге келушілер | 2019 ж. – 35 602 2020 ж. – 7 133 2021 ж. – 36 891 2022 ж. – 36 261 2023 ж. – 40 200 |
| Экскурсиялар | 2019 ж. – 1039 2020 ж. – 261 2021 ж. – 1166 2022 ж. – 963 2023 ж. – 1080. |








