Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

Бейнеу аудандық филиалының Ақжігіт ауылдық көрме залы

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Бейнеу аудандық бөлімін ашу туралы 14.08. 1991 жылы № 175 Халық депутаттары аудандық Кенесі атқару комитетінің шешімі шықты.

2004 жылдың 6 наурызында Маңғыстау облысы әкімшілігінің қаулысына сәйкес Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылдық көрме залы ашылды.

2004-2006 жж меңгеруші болып қызмет атқарған – Әбдіжәмиев Жоламан.

2006-2020 жж меңгеруші болып қызмет атқарған – Мәдиев Сағат.

2022 жылдан бастап Ақжігіт ауыл көрме залы маманы қызметін Төлегенова Толқын Төлегенова атқарып келеді.

Көрме залы музей жәдігерлерімен, музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған мәдени, білім беру және ғылыми зерттеу функцияларды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту бағытында жұмыстар жасалынып келеді.

Көрме залындағы жәдігерлер саны – 143.

Көрме залының оң жағында – Ұлы Отан ардагерлері, Еңбек ардагерлері, Батыр аналар, «Маңғыстау» совхозының құрылуына ат салысқан адамдар суреттері мен мақтау қағаздары стендте ілінген. Музыкалық аспаптар: баян, бас домбыра, пианино, үлкен домбыра, гитара орналасқан.

Көрме залының сол жағында: ұстаздар мен совхоз кезінде қызмет еткен адамдардың суреттері стенд пен буклетпен жасақталып орналасқан. Шаруашылық және тұрмыстық құралдар: көрік, есеп шот, күзе, қақпан, темір жол құралы т.б жәдігерлерімен толықтырылған.

Көрме залының төр жағында киіз үй орналасқан. Киіз үйдің оң жағында ежелден қалыптасқан тәртіп бойынша ер адамның қолданатын тұрмыстық жәдігерлерімен толықтырылған.

Сол жақ бөлігінде жүк аяқ, елек, ұршық, ішік т.б жәдігерлер орналасқан.

2019 жылдан бастап Ақжігіт ауылдық көрме залы Маңғыстау обдыстық тарихи-өлкетану музейі, Бейнеу аудандық музейінің филиалы болып саналады.

Адрес:130101, Ақжігіт ауылы әкімдігінің ғимаратында орналасқан.

Электронды пошта: tulegenova_tolkyn@bk.ru

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіМаңғыстау облысының әкімдігі ресми сайтыМанғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыМемлекеттік органдарға өтініш беру