Мангистауский областной историко-краеведческий музей имени Абиша Кекилбайулы

Абланова Эльвира Амангелдіқызы

Жалпы еңбек өтілі: 31 жыл

1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің тарих факультетін, 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің аспирантурасын, 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық Университетінің құқықтану факультетін бітірген.

Ғылыми дәрежесі — Тарих ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1992-1994 жж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Ақтау филиалының оқытушысы, 1993 ж. Атырау институты Ақтау филиалының «Қоғамдық пәндер» кафедрасында кафедра меңгерушісі.

1994-1998 жж. Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті, тарих факультеті «Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасының аспиранты. 1999 жылы профессор Қ.С. Қаражанның ғылыми жетекшілігімен «Қазақтар динамикасы» (1959-1970 жж. Халық санағы негізінде) атты кандидаттық диссертация қорғаған.

1999-2001 жж. Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің аға оқытушысы.

2001-2007 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті Ақтау филиалының «Әлеуметтік пәндер кафедрасында» кафедра меңгерушісі, 2004-2005 жж. филиал директорының «халықаралық және ғылыми қатынастар» ісі жөніндегі орынбасары.

2009-2012 жж. Маңғыстау политехникалық колледжінің оқытушысы.

2012-2013 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университеті жанындағы Арал-Каспий өңірі тарихи-мәдени мұраларын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері.

2012-2015 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті.

2015-2021 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі.

2021-2023 жж. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архивінің архивист, бас эксперт – сарапшысы.

2023 жылдың 26 маусымынан бастап Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи — өлкетану музейінің директоры қызметіне тағайындалды.

200-ден астам ғылыми мақала авторы, ХХ ғасырдың ІІ-ші жартысындағы қазақтардың динамикасы (халық санағы негізінде) ғылыми монография авторы, 15-тен астам оқу құралы, «Жармыштан озып шыққан» шығармалар кітабының құрастырушысы.

Марапаттары:

2021 жыл — «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісі,

2022 жыл — ҚР мемлекеттік хатшысының Алғыс хаты,

2022 жыл – Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты,

2023 жыл – «Ақтау қаласына 60 жыл» мерекелік төсбелгісі.

Официальный сайт Президента Республики КазахстанМинистерство культуры и информации Республики КазахстанОфициальный сайт Мангистауской областиУправление культуры, развития языков и архивов Мангистауской областиОбращение в государственные органы